Шымкентте шетел асқан қаржыны қайтару бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды
Қазақстаннан заңсыз жолмен шетел асқан миллиардтаған қаржы шетінен қайтарылып жатыр. Шымкент қалалық прокуратурасы 125 миллион теңге ел қазынасына қайта қосылғанын мәлімдеді. Қылмыстық істі экономикалық тергеу агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізді. Шаһар республикалық маңыздағы дербес қала мәртебесіне ие болғалы шетел асқан қаржыны қазынаға қайтару бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған.
Ұлан Омаров, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі:
16 қылмыстық іс - 235 бап бойынша қаралуда. Елімізден ұрланған қаржылар негізінен Қытай, Германия, Англия, Біріккен Араб Әмірлігіне жіберілген. Олар 50 мың доллардан басталып, 1 миллион долларға дейін аударымдар жасаған. Мәселен Шымкентте құрылыс жүргізген құрылыс компаниясы ешқандай жұмыс істемей-ақ, 747 миллион теңгені осындай есепшоттарға аударған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16