Роман Скляр Екібастұздағы апаттың алдын ала себебін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Роман Скляр Екібастұздағы апаттың алдын ала себебін айтты

02.12.2022

Екібастұздағы жағдай одан әрі ушықпас үшін өңірдегі өндіріс орындарының арнайы техникалары мен жұмыс күші тегіс жұмылдырылады. Естеріңізге сала кетейік, кешеден бері Екібастұздағы жедел штабтың жұмысын Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр басқарады. Іле жаңа мәліметтер де жарияланды. Мәселен станциядағы апат кезінде 73 ақау болған. Оның 43 алғашқы күні, тағы 30 келесі күні тіркелген. Ал, бұған дейін не бары 15 ақау шықты деп ақпарат таатылған еді. Жылусыз қалған үйлердің саны да анағұрлым көп болып шықты.

Роман Скляр, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:

Жылусыз қалған 58 үй бар. Олардың бәрі Мәшһүр Жүсіп көшесінде. Қазір 5-ші Б және 6-шы шағын аудандағы 41 үйге жылу біртіндеп беріліп жатыр. Ал ертең жылудан толық ажыратылған көпқабатты 17 үйге жылу қосуды бастауды жоспарлап отырмыз.

Роман Скляр апаттың орын алуына не себеп болғанын да нақты айтты. Орталық жылудың қысымын күрт көтеріп жіберген. Неліктен? Кім рұқсат берді? Енді оны арнайы құрылған комиссиясы анықтайды.


Хабарламаларға жазылу