Әлемдегі ең үлкен вулканнан лава төгіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең үлкен вулканнан лава төгіле бастады

01.12.2022

АҚШ-тың Гавайи аралдарында әлемдегі ең үлкен вулкан 25 метр биіктікке газ бен күл шашып, жан-жағына лава төге бастады. Мұны Құрама Штаттардың Геологиялық бақылау агенттігі хабарлады.

Теңіз деңгейінен 4 шақырым биіктікте орналасқан Мауна Лоа – жер бетіндегі аса белсенді жанартау. Ол 1984 жылдан бері алғаш рет оянып, төрт күннен бері тоқтамай атқылап жатыр. Әзірге жергілікті билік жақын маңдағы елді мекендердің халқын көшіретінін хабарлаған жоқ. Дегенмен қып-қызыл лава тас жолға қарай жылжып бара жатқандықтан, жолаушыларға қауіп төндіруі мүмкін деген болжам бар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу