Жанкүйерлер шеруі Сук-Вакиф көшесінен басталады
Жаһан жұрты көз тіккен әлем кубогын тамашалуға Қатарға келген жанкүйерлердің көпшілігі Сук Вакиф көшесіне жиналады. Бұл жерде күнде қарбалас. Стадионға дейін баратын жанкүйерлер шеруі де осы көшеден басталады. Тілшіміз Ерсін Ерік айтып берсін.
Метро аялдамаларында сығылысқан, ығы-жығы болып қарбаласқан адамдар. Барлығының назары күн сайын өтіп жатқан аладоп аламанында. Күндіз Доһада ауа температурасы 28-30 градусты көрсетеді. Дегенмен мұнда келген футбол жанкүйерлері үшін күннің ыстығы көңіл көтеріп, футбол тойын өткізуге ешқандай кедергі емес. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген жандарды футбол достастырды, футбол жақындастырды. Бұл жерге барлығы «Қатардағы футбол тойының» орталығы деген атау да беріп қойған.
Ерсін Ерік, тілші:
Стадионға дейін жанкүйерлер шеруі осы жерден басталады. Командалары алаңда қарсылас болғанымен, 12-ші ойыншыларының сыйластығы ерекше. Осы жерде теледидардан тартысты ойындарды тамашалап, оларға Қатар елінің дәмді тағамдары мен шөл қандырар сусындары ұсынылады.
Ерсін Ерік
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 10:34
Қарағанды облысында 5 полиция қызметкері «ерлігі үшін» медалімен марапатталды
12.05.2026, 10:33
Мектептегі буллинг: 272 ата-анаға айыппұл салынды
12.05.2026, 10:31
Бейжіңде Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
12.05.2026, 10:30
Трамп Тегеранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 10:16
Ресейде хантавирусқа қарсы вакцина шығарылмақ
12.05.2026, 10:12
Еуропада кеме жолаушыларының бірінен хантавирус анықталды
12.05.2026, 10:10
Хантавирус тараған кемеде эвакуация аяқталды
12.05.2026, 10:09