Екібастұзда 25 көпқабатты және 90 жекеменшік үй жылудан ажыратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұзда 25 көпқабатты және 90 жекеменшік үй жылудан ажыратылды

29.11.2022

Екібастұз қаласында жағдай кешегіден де қиындады. Тағы 25 көпқабатты және 90 жекеменшік үй жылудан ажыратылды. Себебі орталық магистральден үйлерге жылу апаратын желіде ақау пайда болды. Бұған дейін 17 көпқабатты үй мен 5 әлеуметтік нысанда жылу болмағанын хабарлаған едік. Бүкіл қаланың жылусыз қалуына себеп болған құбырдағы негізгі ақау шыққан жер кеше анықталған еді.

Бірақ, күрделі инженерлік торапты алмастыру жұмыстары оңайға түспей тұр. Сондықтан кеше кешкісін Екібастұзға еліміздің өзге қалаларынан 23 бригада көмекке келді. Қазір негізгі жұмыстар екі жерде жүріп жатыр. Ең күрделісі орталық жылу пункті болғандықтан, негізгі күш осында жұмылдырылды.  

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу