Қатар-2022: Камерун мен Сербия тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Камерун мен Сербия тең түсті

28.11.2022

Бүгінгі ойындар кезегін G тобындағы Камерун мен Сербия құрамалары бастады. Өткен турда голдан құр қалған қос құрама бұл жолы ашық айқасқа шықты.

Ойынның 29 минутында Камерун құрамасы есеп ашты. Ал бірінші таймның қосымша уақытында Сербиялықтар қатарынан екі гол соғып, есепте алға шықты. Көрермен күткен тартысты ойын өрбіді. Бірінші таймның өзінде-ақ үш гол соғылып, үш сары қағаз көрсетілді. Екінші таймда Сербиялықтар есепті еселей түсті. Дегенмен Камерундықтар да қарап қалмады. Ойынның соңғы добын Эрик Максим Шупо Мотинг соғып, матч 3:3 есебімен аяқталды.


Хабарламаларға жазылу