«Amanat» партиясы Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді
«Amanat» партиясының мүшелері Екібастұз қаласының жылусыз қалған тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді. Қажетті заттар партияның Астана қаласындағы филиалында жиналды. Оның ішінде 1000-нан астам электр жылытқыш құралы, көрпе және термостар бар. Сонымен қатар, Екібастұзда волонтерлер штабы ашылды. Мобильді бригадалар жалғыз тұрып жатқан зейнеткер, мүгедектігі бар адам, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда. Бұл деректер негізінде, алдағы уақытта оларға көмек көрсетіледі.
Берік Жәкенов, «Amanat» партиясы Астана қаласы филиалының атқарушы хатшысы:
Зардап шеккен тұрғындарға «Amanat» партиясы тарапынан гуманитарлық көмек көрсетілетін болады. Партияластар, әсіресе бастауыш партия ұйымдары өкілдері және депутаттар көмек беріп, қолын созуда.
Сондай-ақ, қиын жағдайдағы тұрғындар тегін байланыспен қамтамасыз етілмек. Бұл көмекті Павлодар облысындағы 150 мың адам алады.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында бұлақ көзін ашты
20.04.2026, 13:24
Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
20.04.2026, 13:21
Қара теңізге мазут төгіліп, құстар қырылды
20.04.2026, 13:18
АҚШ әскерлері Иранның сауда кемесін басып алды
20.04.2026, 13:15
Банктің бақылауы күшейді
20.04.2026, 13:12
Жалған хабарлама тарату – қылмыс
20.04.2026, 13:09
Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
20.04.2026, 13:06
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды
20.04.2026, 13:03