Әлем чемпионаты: Германия мен Испания командалары тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионаты: Германия мен Испания командалары тең түсті

28.11.2022

Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өткен Әль-Байт стадионында Германия мен Испания құрамалары кездесті. Коста Рика жапондарды жеңгеннен кейін бұл топта жағдай шиеленісті.

Германия құрамасы үшін Испания өте ыңғайсыз қарсылас. Матчтың алғашқы минуттарынан қызыл фурия шабулды көбірек жасады. Есеп ашатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. 40 минутта Антонио Рюдигер баспен тамаша гол соққан, бірақ төреші голды есепке алмады. Екінші таймда қосалқы құрамнан алаңға шыққан Альваро Мората Нойер қақпасына гол соғып кетті. Матчтың аяқталуына 7 минут қалғанда Никлас Фулкруг таразы басын теңестіре алды. Осылайша тартысқа толы ойында командалар тең тарқасты.

Испания келесі ойынын Жапонияға қарсы өткізсе, Германия Коста Рикамен кездеседі. Екі турдан кейін Испанияда 4, Коста Рика мен Жапонияда 3, ал 1 ұпайы бар Германия құрамасы соңғы орында.

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу