Әлеуметтік салада оңтайлы өзгеріс болуы мүмкін - сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік салада оңтайлы өзгеріс болуы мүмкін - сарапшы

24.11.2022

Президенттің алдағы 7 жылдық мерзімінде елдегі саяси реформаларға өзгерістер орнауы мүмкін. Саясаткерлер елде жүріп жатқан реформалар әлеуметтік саладағы мәселелерді көтерді дейді. Әсіресе мұндай өзгерістер білім, медицина және құрылыс саласына енгізілмек. Оның ішіндегі ауылдық жерлерге жол, медициналық орталық, мектеп салу бастамасы халықтың көңілінен шықты,-дейді мамандар.

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:

Алдағы уақытта Президенттің реформасы бойынша 2023 жылдан бастап аудан әкімдерінің пилоттық режимін сайлайтын боламыз. 2025 бастап біздің Қазақстанда аудан әкімдері толығымен сайланатын болады. Осы секілді реформа нәтижесінде біздің азаматтық қоғам белсенділері еліме, жеріме қызмет етем деген азаматтар осы реформаларды пайдаланып, нақты оларды іске асырып тәжірбие жинақтау керек.

Руслан Беген, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ сарапшысы:

Алдағы 7 жылда қалай дамимыз? – деген сұраққа жауап беретін елдігімізді айқындайтын, мемлекет тұтастығы мен ел бірлігін үлкен саяси науқан деп айтуға болады.


Хабарламаларға жазылу