Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған

21.11.2022

Президенттік сайлаудың дайындығы жоғары деңгейде. Сайлаушыларды алдын ала ақпараттандыру өте жақсы жүргізілген. Электоралды үрдіске технологиялық жаңашылдықтар енгізілген. Бұл - ТМД миссиясы атынан байқаушы ретінде Ресейден келген мамандардың пікірі. Байқаушылар сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсібилігі мен құжаттарды толтыру сауаттылығын атап өтті.

Александр Антропов, халықаралық байқаушы:

Байқаушы ретінде Ресейдің Челябі облысынан келдік. Кезектен тыс сайлау елдің электоралды заңнамасына сәйкес өткізілді. Халықаралық байқаушылардың жұмыс істеуіне кедергі келтірілмей, барлық жағдай жасалды. Кеше жеті сайлау учаскесіне бардық. Сайлау комиссиясы мүшелерінің арасында қарым-қатынастың жақсы екенін атап өткім келеді.


Хабарламаларға жазылу