Сайлаушылар әлеуметтік желілерге жазба жариялап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаушылар әлеуметтік желілерге жазба жариялап жатыр

20.11.2022

Президент сайлауында дауыс беріп, таңдау жасаған танымал тұлғалар мен қарапайым халық сайлаудың барысы туралы әлеуметтік желілерге пікір қалдырып жатыр.

Әйгерім Мақажан есімді тұрғын елдегі басты саяси науқанға бей-жай қарай алмағанын жазады.

Батыс Қазақстандағы Сырым батыр көкпар командасының ойыншылары сайлау учаскесіне сәйгүлікпен барды. Бастырып бөрік киіп, саптама етік сайлаған көкпаршылар әлеуметтік желіге пікір қалдырды.

Бүгін қазақ спортында тарихи тереңде жатқан Қайсар футбол клубы да таңдау жасады. Олардың арасында алғаш рет дауыс берген жас ойыншылар да бар.

Бүгінгі сайлау таңдау жасағандардың арасында танымал тұлғалар да аз емес. Солардың бірі Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Тыныштықбек Әбдікәрім әлеуметтік желіге былай деп пікір қалдырған.

Ал Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет парасатты қоғамда өмір сүруді жазсын деген тілек білдірген.

Бүгін, сондай-ақ, халық қалаулылары да сайлауда белсенділік танытып, әлеуметтік желіге жазба жариялап жатыр.


Хабарламаларға жазылу