Еліміздің батыс аймағында дауыс берудің аяқталуына әлі бір сағаттай уақыт бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің батыс аймағында дауыс берудің аяқталуына әлі бір сағаттай уақыт бар

20.11.2022

Еліміздің батыс аймағында дауыс берудің аяқталуына әлі бір сағаттай уақыт бар. Қазір бізбен тікелей эфирге шығуға өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы әзір тұр. Ардақ, алғашқы қорытындылар белгілі болды ма?

Ардақ Мұратқызы, тілші:
Иә, соңғы деректерге сәйкес қазір дауыс беру құқығына ие облыс тұрғындарының біршамасы өз таңдауын жасаған. Бірақ сайлаудың аяқталуына әлі бір сағаттай уақыт бар. Яғни бұл мәліметтер тағы да нақтыланады. Қазір біз облыстық сайлау комиссиясында тұрмыз. Комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс беруге келген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, белсенділігі жоғары. Облыста 505 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. 447 мыңнан аса дауыс беруші тіркелген.


Хабарламаларға жазылу