Жамбыл облысы тұрғындарының 80 пайызға жуығы дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы тұрғындарының 80 пайызға жуығы дауыс берді

20.11.2022

Жамбыл облысы тұрғындарының 80 пайызға жуығы дауыс берді. Саяси науқанда таңдау жасап, ел болашағы үшін үлес қосты. Қазір өңірдегі әріптесім Нұрдос Болатұлы бізбен байланысқа шығуға әзір. Нұрдос, сайлау кезінде заң бұзушылықтар орын алды ма?

Нұрдос Болатұлы, тілші:
Иә, ел тарихында елеулі күндердің бірі болып қалатын президент сайлауы да аяқталды. Мәні мен маңызы биік саяси додаға қатысудан жамбылдықтар да шет қалған жоқ. Өңір тұрғындары өз конституциялық құқығын пайдалана отырып таңдау жасады. Енді бірер сәттен кейін президенттікке түскен кандидаттардың дауыс саны анықталатын болады. Ал өңір бойынша соңғы мәліметтер көрсеткіші жоғары болғанын алдыңғы тікелей эфирлерде айтқанбыз. Соңғы ақпараттарды білу үшін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов мырзаны арнайы шақыртқан едік. Серғали мырза бүгін сайлаушылардың белсенділігі қандай болды, статистикалық мәліметтер сағат сайын келіп отырды ғой? Бүгінгі іс-шарада заң бұзушылық оқиғалары тіркелді ме?
Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
Иә, өзімізде көрдік бүгінгі сайлауға 18-ге жаңа толған жастар да келді. Он мыңдай тұрғын осы саяси додаға алғаш рет қатысты. Бұл ерекше жағдай екенін атап өткен жөн. Облыста таңғы 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін 493 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Саяси науқанға 716 мыңнан аса аймақ жұрты үлес қосты. Ал әр учаскеде 4000 мыңға жуық комиссия мүшелері, 3000 мыңдай байқаушылар болды. Енді бюллетеньдерді санау жұмыстары басталады. Осымен көптен күткен саяси бәсеке де өз мәресіне жетті. Жоғары деңгейде, мерекелік көңіл-күйде өтті. Біздегі ақпарат осы, ұлттық арна әр үйде қосулы болсын!

Нұрдос Болатұлы

Хабарламаларға жазылу