Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз таңдауын жасады

20.11.2022

Еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз таңдауын жасады. Ол - Елордадағы номері 66 мектеп-лицейінде орналасқан 113-ші сайлау учаскесінде дауыс берді. Айтуынша, бүгінгі тарихи күн ел дамуына, жаңа бастамалардың жүзеге асуына бастау болады. Осы тұста болашаққа бей-жай қарамайтын әрбір қазақстандық өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасауына мүмкіндік бар деді.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:
Әрине бүгінгі болып жатқан сайлау біздің мемлекетіміз үшін, тарих үшін өте маңызды. Қазір болып жатқан саяси, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бұл әрине осы президент сайлауы, нәтижелері жаңа сайланатын Президент өте маңызды болып табылады. 

Назгүл Әмірбек

Хабарламаларға жазылу