Жұмыста жүргендер де дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыста жүргендер де дауыс берді

20.11.2022
0:00:00
0:00:00

Жексенбі болғанымен, тап осы күні жұмыста жүрген тұрғындар да аз емес арамызда. Бірақ олар жұмысты сылтауратып саяси науқаннан шет қалып қоймай, дауыс беріп жатыр. Мұндай азаматтық позициясы айқын жандардың қатарында Көкшетаудағы коммуналдық мекемелердің қызметкерлері де бар.

Қаланы жылумен қамтамасыз ететін мекемеде 700-дей адам жұмыс істейді. Олардың барлығы дерлік сайлауға баруға ниетті. Тіпті жұмыста жүргендері бір бірімен ауысып, өз таңдауын жасап келді. Бір топ қызметкер 14-інші мектепте орналасқан № 39 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Қанат Хамитов, «Көкше жылу» мекемесінің қызметкері:

Жұмыстың тығыздығына қарамай, уақыттың қысымына қарамай ұжыммен келіп тұрмыз бүгінгі сайлауға. Біздің республикамыздың дамуы үшін әрбір Қазақстан азаматы келіп дауыс беруге тиісті. Біз сайлаған президент ойлаймыз біздің үмітімізді ақтайды деп ойлаймыз, сенеміз.

Көше тазалығына жауаптылар да белсенді. Олардың жұмысы таңғы 7-ден басталады. Жұмысшылар сайлаудан тыс қалмау керек деген пікірде. Жайық Айтуғанов та конституциялық құқығын пайдаланып өз сайлау учаскесіне келіп таңдауын жасады.

Жайық Айтуғанов, «Көкше тазалық» серіктестігінің жұмысшысы:

Жұмыс көп, қар жауып жатыр. Оған қарамастан біз мұнда келіп өзіміздің дауысымызды беріп жатырмыз. Коллегаларымыз, бәріміз дауыс бердік. Бәрі де осылай дауыстарын бере берсін, әйтеуір Қазақстан гүлденсін.

Ақмола облысында барлығы 517 мыңнан астам дауыс беруші бар. 717 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сағат 9 бен 12 аралығында тұрғындардың белсендігі артты. Сайлау барысын түрлі қоғамдық ұйымдардың байқаушылары қадағалауда.


Хабарламаларға жазылу