Сайлаудың әділ өтуі - басты назарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлаудың әділ өтуі - басты назарда

20.11.2022

Елімізде бүгін сайлау заңнамасын бұзатын құқықтық әрекеттер тіркелмеген. Бас прокуратура өкілінің айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы заң бұзушылық болды деген хабарлама түскен. Алайда бұл ақпарат расталмады. Құзырлы орган өкілдері жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Құқық қорғау саласының 20 мыңға жуық маманы тәулік бойы кезекшілікпен, жұмыс істеп жатыр. Көшелер мен қоғамдық орындардағы сақшылар саны да көбейтілген. Бұдан бөлек, партиялық емес байқау орталығының өкілі саяси науқанның ашық, әділ және науқанды бағалау объективті түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл бірлестіктен ел бойынша 22 мыңнан астам өкіл сайлауды бақылап отыр. Ол осы кезеңге дейін екі бұзушылықтың болғанын айтты.

Талғат Құнәділов, «Партиялық емес байқау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Әр аймақта таңғы сағат алтыдан бастап жағдаяттық орталық жұмыс істеп жатыр. Онда ақпараттар сараланады. Барлық әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтарына мониторинг жасаймыз. Біздің байқаушылар үш заң бұзу әрекетін анықтады. Бірі Жамбыл облысында, сайлау комиссиясының өкілі уақытынан бұрын бюллетеньге қол қойған Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ, Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы учаске мен Астанадағы учаскеде 1 адам 2 бюллетень алғандығы анықталды.


Хабарламаларға жазылу