Қостанайда әлеуметтік сауалнама жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда әлеуметтік сауалнама жүргізіліп жатыр

20.11.2022

Қостанайда «Ашық қоғам» Аймақтық зерттеулер халықаралық институты» қоғамдық қорының мүшелері сайлаушылардан сауалнама алуда. Сол арқылы көпшіліктің қай кандидатқа дауыс бергені алдын ала болжанады. Сауалнама алушылар қаладағы барлық сайлау учаскелерін қамтуға тырысады. Нәтижесі кешке дауыс беру аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Алмагүл Әділова, «Ашық қоғам» аймақтық зерттеулер халықаралық институты» қоғамдық қорының супервайзері:

Шығып жатқан сайлаушылардың барлығын қамтимыз. Әрбір адамға кімге дауыс бердіңіз деп сұрақ қоямыз. Олардың ішінде жауап беріп жатқандар бар. Жауап бермейтіндері де бар. Жалпы сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Өзім соған таңқалып тұрмын қостанайлықтардың белсенділігіне.


Хабарламаларға жазылу