Варшавадағы №271 сайлау учаскесі жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Варшавадағы №271 сайлау учаскесі жұмысын бастады

20.11.2022

Польша астанасы Варшавада №271 сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Сайлау учаскесі осы елдегі Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасқан.

Аида Әбіл, тілші:

Халқының саны 38 млн адамды құрайтын Польша елі 2004 жылдан бері Еуропалық одаққа мүше. Қазір Польшада 800-ге жуық қазақстандық студент білім алуда. Сол себепті Варшада ашылған номері 271 сайлау учаскесінде әсіресе жастар жағының белсенділігі жоғары болмақ. Украинадан келген отандастырымыз да дауыс берді. Ең алғашқылардың бірі болып мен де өз азаматтық борышымды өтедім. Атап өту керек, биыл Украинада сайлау орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік болған жоқ, сондықтан Киевтегі Қазақстан дипломаттары Польшаға келіп, дауыс беріп жатыр. Украинадағы қиын жағдайға байланысты осы елдегі алты жүз азаматтың сайлауға қатысуға мүмкіндігі болған жоқ.


Хабарламаларға жазылу