Шымкентте ардагерлер көппен бірге таңдау жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ардагерлер көппен бірге таңдау жасады

20.11.2022

Еліміздегі әрбір саяси өзгерістерге зор сеніммен қарайтын шымкенттік ардагерлер де көппен бірге өз таңдауын жасауда. Олар қазақ елiнiң көшiн өрге сүйреп, көп ұлтты халқымыздың арман-мүддесiне қызмет ететiн ел басшысын жаңылыспай таңдауды мақсат етеді.

 Ғани Қалмаханов: Шымкент қаласындағы №98 сайлау учаскесінде дәл қазір дауыс берудің нағыз қызған шағы. Дауыс берушілер қатары сәт сайын артып келеді.

Қапира Сәдуақасқызы: тарих ғылымдарының кандидаты, зейнеткер

Сайлауға қатысу әр азаматтың парызы. Өйткені өзіміздің келешегіміз үшін қажетті қадам. Бүгінгі сайлау елдігімізді айқындайтын, болашағымызды білдіретін үлкен маңызды шара. Осы сайлауға бір кісідей қатысудың өзі бірлігімізді, елдігімізді көрсетеді.

 Шымкент қаласы бойынша 87 мыңнан астам зейнет жасындағы азаматтар болса, соның төртеуінің жасы 100-ден асқан қариялар. Ғасырдан астам уақыт өмір сүріп келе жатқан қарттар бүгін көппен бірге өз таңдауын жасады. Бұл жолғы саяси науқанда Шымкенттегі 293 сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бұрыштар жабдықталды. Олар тактильды жолақтар, аудио жазба трафареттар, лупалармен қамтамасыз етілген. 


Хабарламаларға жазылу