Үкімет басшысы Әлихан Смайылов дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов дауыс берді

20.11.2022

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та Президентті кезектен тыс сайлауда дауыс берді. Ол Астанада Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде таңдауын жасап, халықты саяси белсенді болуға шақырды.

Алихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Егер біз ары қарай Қазақстанымыз өсіп, өркендей берсін десек онда бәріміз азаматтық белсенділігімізді танытып, сайлау учаскесіне келіп, Мемлекет басшысы лауазымына ең мықты кандидатқа дауыс беруіміз керек. Себебі биліктің қайнар көзі ол халық. Мен өз таңдауымды жасадым. 

Хабарламаларға жазылу