Жигули Дайрабаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жигули Дайрабаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді

20.11.2022

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол Елордадағы нөмірі 396-шы сайлау учаскесіне отбасы мүшелерімен бірге келген. Таң сәрімен өз таңдауын жасап жатқан халықтың қарасы көп. Естеріңізге сала кетейік бас қаладағы барлық сайлау учаскелері ашық.

Жигули Дайрабаев - Президенттікке кандидат:

Бүгінгі біздің № 396 учаскесінде байқадыңыздар, сағат 6,30 таңғы мына сайлаушылар жинала бастады. Менде өзім ерте келдім. Бүгін өзімнің немерелерім, інілерім, келіндерім, жолдасым ерте келдік. Бұл әр бір қазақстандықтың өміріндегі үлкен саяси оқиға, мереке. Сондықтан мен ойлаймын, әр бір қазақстандық, бұл мерекені өз деңгейде өткізуге атсалысады.


Хабарламаларға жазылу