Сайлауға кеншілер белсенді қатысуда
Қарағандыдағы 8 көмір шахтасы мен 6 ашық өндіріс ошақтарының 13 500 кеншісі сайлауға белсенді түрде қатысып жатыр.
Олар таңертеңнен өз сайлау учаскелеріне барып дауыс беріп жатыр екен. Тіпті жұмыс ауысымына түсер алдында ертемен үлгеріп, таңдау жасап жатқандары да бар көрінеді. Нұрлыбек Талықбаев та сайлау учаскесіне отбасымен бірге ертемен барыпты. Бүгінгі науқан ел келешегін айқындау үшін маңызды саяси қадам,-дейді кеншілер.
Жер астындағы қауіпті де, ауыр еңбекте тер төгіп, миллиондаған тонна қара алтынды қыр басына шығарып жүрген жандардың ел экономикасын дамытуға қосып жүрген үлесі зор.
Нұрлыбек Талықбаев, кенші:
Бүгін енді әрине таңертең тұрып, сайлау учаскемізге барып, дауысымызды беріп, өзіміз таңдаған кандидатымызға. Бүгін енді маңызды күн. Енді міне жұмысқа бара жатырмыз шахтамызға. Еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын, аспанымыз ашық болсын!
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XXV қысқы Олимпиадаға шолу
17.02.2026, 17:39
Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
17.02.2026, 17:38
СҚО-да түз тағыларын қолдан жемдеу маусымы басталды
17.02.2026, 17:36
Маңғыстауда 20 аққудың өлексесі табылды
17.02.2026, 17:35
Жетісу облысында экоакция аясында жастармен кездесу өтті
17.02.2026, 17:32
Шет ауданында 21 медициналық нысан салынды
17.02.2026, 17:27
Жаңа Конституция – уақыт талабы
17.02.2026, 17:24
Жаңа Конституция – болашаққа бағдар
17.02.2026, 17:21