Ақтөбе облысында кәсіпкерлік саласының даму қарқыны жоғары. Қазір салада 75 мың адам тұрақты еңбек етеді. Өткен жылмен салыстырғанда, өсім 18 пайызға көп. Мәселен, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылының тұрғындары шағын ғана іс бастап, үлкен табысқа жетуге болатынын дәлелдеп отыр.
Ақтөбе облысында кәсіпкерлік саласының даму қарқыны жоғары. Қазір салада 75 мың адам тұрақты еңбек етеді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 18 пайызға көп. Мәселен, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылының тұрғындары шағын ғана іс бастап, үлкен табысқа жетуге болатынын дәлелдеп отыр.
Нұрлыбек бұл шеберхананы бір жарым жыл бұрын ғана ашқан. Мемлекеттен қайтарымсыз грант жеңіп алып, ол қаржыға ағашқа сурет салуға арналған құрылғыны сатып алды. Қазір тапсырыс көп. Көбіне тойға, түрлі мерекелерге арналған сыйлықтар жасайды. Көздің жауын алатын бұйымдарына тапсырысты әлеуметтік желі арқылы Қазақстанның түкпір-түкпірінен қабылдап жатыр. Жуырда қосымша құрылғы алып, ісін одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Ол басында қиындық көргенін жасырмайды. Тіпті, қажетті материалдарды қаладан әкелудің өзі мұң болған..
Нұрлыбек Еңсепбаев, кәсіпкер
Таксимен тасып жүрдім. Жұрттың бәрі күлетін.Машина сатып алмайсың ба деп. Төртке бөлем фанераны, соны скотчтап, багажникке сыйғызып, жалдап әкеліпжүрдім. Қазір аллаға шүкір, «Газелмен» тасимыз. Ауылға үлесімді қосатын кәсіпкер болғым келеді, ауылдың атын шығаратын.
Бигелді Бөлекбаев етікшілікпен айналысады. Бұған дейін ұзақ жыл облыс орталығында жұмыс істеген. Ал, осыдан бірнеше ай бұрын ауылдан шағын бөлмені жалға алып, тапсырыс қабылдай бастады. Ол ешқандай құрал-жабдықсыз аяқ киімдерді өзі тігеді. Күніне жаздық аяқ киімнің үшеуін тігіп үлгереді.Мынадай таза былғарыдан жасалған қыстық, күздік етікке екі күн уақыт жұмсайды.
Бигелді Бөлекбаев, етікші:
Осыған үйрендім. Станоксыз. Негізінде станок болған оңай, сосын уақыт алмайды. Мысалы мынадай екі аяқ киімді екі күнде шығарып тастауға болады. Заказдар бар, міне. Сосын жеке қожалықтан саптама етікке заказдар беріп жатыр. Соларды тігу керек.
Бигелдінің қолынан шыққан аяқ киімдер қымбат емес. Мысалы, балаларға арналған мына таза былғары етік бар болғаны 12 мың теңге тұрады.Ал, сүйретпелер 3 мың теңгенің шамасында. Жалпы, соңғы жылдары ауылда кәсіп бастауға ниетті жастар көбейген.
Кеңшілік Байдрахманов, Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі:
Биылғы жылдың өзінде мемлекеттің қолдауымен берілетін қайтарымсыз грантты 8 адам ұтып алды. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі 4 адам болса, атаулы әлеуметтік көмек алатын,көп балалылар жеке кәсіп ашып, осы мемлекеттік грант алған боалтын.Көлемі миллион екі жүз мың теңге көлемінде.
Тұрғындар «Ауыл аманаты» жобасына да ерекше қызығушылық танытып отыр. Бар болғаны екі пайызбен берілетін несиені алуға қазірдің өзінде 100-ден аса тұрғын өтініш беріп үлгерген. Яғни, алдағы уақытта кәсіпкерлер саны одан әрі арта бермек.
Автор: Жақсыбекк Кемал, Аманжол Айтмағаметов