Астанада алғаш рет Республикалық дирижерлер байқауы өтті
Астанада алғаш рет ұйымдастырылған Республикалық дирижерлер байқауы өз мәресіне жетті. Шара танымал дирижер Айтқали Жайымовтың 75 жылдық мерейтойына арналды. Мақсаты – дирижерлік өнерді қолдау, дамыту, насихаттау, дарынды жастардың кәсіби шеберлігін шыңдау.
Сайыста еліміздің әр өңірінен 11 үміткер бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша, «Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің» бас дирижері Болат Долдашев гран-приге ие болды. 1-ші орыннан Әбілқайырхан Бейсеков көрінді, 2-ші орын Әділет Азбаевқа бұйырды, ал 3-ші орынды Азамат Шынаров пен Жанат Рашит қанжығалады.
Болат Долдашов, дирижер, гран-при иегері:
Айтқали ағамыздың 75 мерей жасына орай осындай Республикалық конкурс өте жоғары дәрежеде өтті деп есептеймін. Бұл үлкен деңгейдегі конкурс, конкурстың өзі екі деңгейде өтіп жатыр. Мықты қатысушылар келді, шыны керек талас болды. Маған бұйырған екен осы конкурстан бас жүлдені алу. Өзім өте қуанышты болып жатырмын бір жағынан.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Зейнетақы жинағымен емделу уақытша тоқтатылды
13.01.2026, 20:52
Цифрлық кодекс және азамат құқығы
13.01.2026, 20:49
Мәжіліс депутаттары «Пеноплекс» зауытының жұмыс барысымен танысты
13.01.2026, 20:25
Тапсырыспен жиһаз жасатар алдында алданып қалмау үшін нені ескеру керек?
13.01.2026, 20:23
Енді бекіре өсіретін шағын шаруашылықтар да субсидияға іліге алады
13.01.2026, 20:22
Елді елең еткізген жаһан жаңалықтары
13.01.2026, 20:20
Астана әлемдегі ТОП-100 қауіпсіз мегаполистің қатарына қосылды
13.01.2026, 20:19
М.Әуезов атындағы Ұлттық театрдың 100 жылдығына орай ғылыми конференция өтті
13.01.2026, 20:18