Петропавлда газ жарылып 9 адам ауруханаға жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда газ жарылып 9 адам ауруханаға жеткізілді

17.11.2022

Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болып, 9 адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнынан меншікті тілшіміз Эльмира Кәленова байланысқа шықты. Қайырлы кеш, Эльмира, зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Жарақат алғандар шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр екенін айтады. Орташа және жеңіл күйікке шалдыққандар бар. Техникалық орталықта тұрған автокөліктердің біріне орнатылған газ құрылғысы жарылған. Сол сәтте түсірілген әуесқой бейнежазбаға кезек берсек.

Өздеріңіз көріп тұрғандай, дүмпу қатты болған. Салдарынан құрылыс конструкциясы құлап, соңы өртке ұласқан. Қазір жалынның сөндірілгенін көріп тұрмыз. Ғимараттың қабырғалары құлап, терезелері сынған. Іште зағымданған 6 көлік тұр. Мамандар шығын көлемін есептеп үлгерген жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға 10 техника мен 43 маман жұмылдырылды. 

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу