Үкімет отырысында министрлер кабинеті бюджеттің орындалуы туралы есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет отырысында министрлер кабинеті бюджеттің орындалуы туралы есеп берді

15.11.2022

Өткен айда ел экономикасының өсу қарқыны баяулаған. 10 айдың қорытындысы бойынша 2,5 пайызды құрап отыр. Қыркүйекте бұл көрсеткіш 2,8 процент еді. Бүгін Үкіметте министрлер кабинеті бюджеттің орындалуы туралы есеп берді. Экономикалық көрсеткіштер бойынша 7 өңірде, атап айтқанда Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Алматы мен Шымкент қалаларында барлық сала бойынша өсім бар. Ал Ұлытау, Абай және Маңғыстау облыстарында өсу қарқыны ең төмен болып шықты. Сонымен қатар жыл аяғы жақындап қалса да, 400 миллиардтан астам теңге әлі игерілмеген. Министрліктер арасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкі істер, Төтенше жағдай және Оқу-ағарту министрлігінің көрсеткіштері төмен. Ал өңірлер арасында Астана қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері қаржыны игеруде сылбырлық танытуда. Премьер-министр әкімдер мен министрлерге инвестиция тарту мен жұмыс орнын ашу бойынша жұмысты күшейтіп, баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса мән беруді тапсырды.

Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:
Бағаның өсуін тежеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау керек. Биылғы жылдың қазан айында инфляция өсімі жеделдеді. Бұл процеске азық-түлік тауарлары бағасының өсуі айтарлықтай әсер етіп отыр. Бірінші кезекте, әкімдіктер тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу