Алаяқтармен күрес: Жалған нөмірлер бұғатталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтармен күрес: Жалған нөмірлер бұғатталады

14.11.2022

Алаяқтықпен күреске - байланыс операторлары да қосылмақ. Себебі жыл басынан бері бұл бап бойынша 17 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, азаматтарымыз 15 миллиард теңгесінен айырылған. Әсіресе банк немесе құқық қорғау органы қызметкерінің атын жамылып телефон соғатындар азаймай тұр. Биыл осы факті бойынша үш мыңнан астам іс тіркелген. Әдетте алаяқтар хабарласар алдында арнайы бағдарлама арқылы нөмірін ауыстырады. Ішкі істер министрлігі бұл нөмірлерді бұғаттау бойынша құзіретті органдардың және байланыс операторларының қатысуымен бірнеше жиналыс өткізген.

Рүстем Дүйсетаев, ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығының орынбасары:

Бұл техникалық мәселе екенін түсіну керек. Қазір ұялы байланыс операторлары нөмірі ауысқан абоненттерден келетін қоңырауларды бұғаттау тетіктерін қарастырып жатыр. Ол үшін ақпараттық жүйені икемдеу керек. Операторлардың мәліметінше, жыл соңына дейін бұл мәселе шешіледі.

Серік Селеубай


Хабарламаларға жазылу