Маңғыстауда жаңа мамандықтар тізбесі жасақталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда жаңа мамандықтар тізбесі жасақталуда

09.11.2022

Маңғыстау өңіріне қажетті кадрлардың картасы жасақталуда.

Ол үшін педогогика, туризм және мұнай газ салалары таңдалған. Ғылым және жоғары білім министрлігі «Мамандығым-болашағым» жобалық офисінің мамандары аталған салалар бойынша, жергілікті сарапшылармен бірге талдау жүргізуде. Нәтижесінде сұранысқа ие, еңбек нарығының талабына сай мамандықтар тізбесі жасалады. Алдын-ала мәліметке сүйенсек, онлайн форматта білім беруге бейімделген «IT меңгеруші », «кездесулер үйлестірушісі», «жеке турларды жобалаушы» сияқты жаңа мамандықтарды енгізу ұсынылған.

Ербол Молдақасымов, «Мамандығым-болашағым» жобалық офисінің әдістемелік құрамының мүшесі:

Өңірлік кадрлық қажеттілігі картасын осы жылдың аяғына дейін бітіреміз. Айқындалған мамандықтарға сүйене отырып, кәсіби техникалық білім деңгейінде, жоғары білім деңгейінде жаңа оқу бағдарламалары жасақталатын болады.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу