Алқабилер қарайтын қылмыстық істер көбейеді
Келер жылдан бастап алқабилер қатысатын соттың қарауына қылмыстық құқық бұзушылықтардың 35 құрамын жатқызу туралы ережелер қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы бүгін мәжілісте алқа билер институтының рөлін арттыруға бағытталған заң жобасын қарау кезінде айтылды.
Сәбит Әлдебай, тілші:
Мәжілістің кезекті отырысы Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы шахтада болған қайғылы оқиға кезінде қайтыс болғандарды бір минут үнсіз еске алудан басталды. Бұдан кейін депутаттар Қылмыстық-процестік кодексіне сот алқабилердің қатысуымен қарайтын істер санаттарын кеңейту мәселелерін талқылай бастады. Алқабилердің сот процестеріне қатыстыру тәжірибесі елімізде 15 жылдан бері қолданып келеді. Әйтсе де шешім қабылдау қиын қылмыстық істерде алқа билерінің атқарар шаруасы мол. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид Жүкеновтің айтуынша, мәселен абайсызда көлікпен адам қағып кеткен жағдайда оның ісін сәл де болса да жеңілдетуде алқа билері атсалысады. Әрі мұндай істер қоғамның талқысына түсуі үшін сот залынан тікелей трансляция беруді ұйымдастыру қажет дейді. Енді 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алқабилер қатысатын соттың қарауына қылмыстық құқық бұзушылықтардың осы секілді 35 құрамын жатқызу туралы ережелер қолданысқа енгізілмек. Мұнда аса ауыр қылмыстар бойынша ғана емес, алқабилердің соттылығына жататын қылмыстардың басқа да санаттары бар. Бұл заң 2024 жылы қолданысқа енеді. Депутаттар Заң жобасы соттардың қызметін жетілдіруге, соттарға сенім деңгейін арттыруға, қоғамның құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын арттыруға, сот төрелігін іске асыру нәтижелеріне қанағаттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13