Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады

08.11.2022

Қазақ тілін білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданбақ. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылды.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға мемлекеттік тілмен қатар, тарих пен ұлттық заңнаманың негіздерін білмейтіндерді, азаматтыққа қабылдаудан бас тарту жөнінде түзетулер әзірленді. Бұған дейін көші-қон мәселесі бойынша үкіметте бірнеше отырыс өтіп, арнайы штаб құрылған. Әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік шекарада және шекаралас өңірлерде бақылауды күшейту, көші-қон заңнамасын сақтау, сондай-ақ уақытша көші-қонды жеңілдету тақырыптары пысықталды.

Әлихан Смайылов елімізде қазақ тілін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін үйренемін деушілерге арналған 174 жексенбілік мектеп бар екенін атап өтті. Мигранттар мемлекеттік тілді әкімдіктер жанындағы «Тіл» оқу-әдістемелік орталықтарының базасында да үйрене алады.  

Раушан Сайлау

Хабарламаларға жазылу