Сайлауға қатысу - азаматтық міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлауға қатысу - азаматтық міндет

08.11.2022

Кезектен тыс Президент сайлауына 12 күн қалды. Саяси шараға тұрғындардың дені атсалысамыз деп отыр. Өйткені сайлауда дауыс беріп, таңдау жасау - ел болашағы үшін керек дейді қарапайым халық.

-Сіз сайлауға барасыз ба?
-Иә барамын. Маңызды ғой негізі сайлау. Үйдегілер барады. Апаруға тырысамын.
-Барамыз. Мен түгел семьямды, балаларымыз барлығымыз барамыз. Жоқ міндетті түрде бару керек. Біз қазақ қалай? Үй анау істейді, үй мынау істейді. Бармай-ақ қояйық, бүйтейік, сүйтейік деп сөйтіп жүрсек, біздің Қазақстан мемлекетінде өзгеріс болмайды.
-Қасымдағы жұмысшылар, бәріміз барамыз. Ауылдан келеміз ғой. Ауылдан сайлай береміз.
-Бару керек. Міндетті түрде бару керек. Өз еліміздің президентін таңдауымыз керек қой. Барлығы өзіміздің қолымызда.



Хабарламаларға жазылу