Қатар-2022: Ислам өнері мұражайы қайта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қатар-2022: Ислам өнері мұражайы қайта ашылды

07.11.2022

Қатар астанасы Дохада футболдан Әлем чемпионаты алдында Ислам өнері мұражайы жұртшылық үшін есігін қайта ашты. Ғимарат 18 ай бойы жөндеуден өткен. Музейдің 18 залында әлемнің түкпір-түкпірінен жеткен мыңдаған өнер туындысы қойылған.

Келушілердің назарына ағаш бұйымдарының топтамасы, керамика, зергерлік, тоқыма, шыны бұйымдары ұсынылған. Бұл экспонаттардың үштен екісі - жаңа. Олар мұражайға жөндеу жұмыстарынан кейін қойылды.

Айта кететін жайт - Әлем біріншілігін тамашалауға Қатарға 1 млн 200 мыңдай футбол жанкүйері барады деп күтіліп отыр.     

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу