«Қазақстан» шахтасы аумағында болған кенші өліміне қатысты тергеу басталды
Қарағандыдағы «Қазақстан» шахтасы аумағында болған кенші өліміне қатысты іс полицияда тіркеуге алынды. Жұмысшының мәйіті трансформатордың жанынан табылған. 24 жастағы жігіттің нақты қандай жағдайда қаза болғаны әзірге белгісіз.
Компания бұл туралы ақпарат беруге асығар емес. Шахта басшылығы жұмыс кестесіне сәйкес 6 қараша – марқұм кеншінің демалыс күні болғанын ғана жария етті. Қазір жұмбақ өлімнің мән-жайы анықталып жатыр. Полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағандыдағы Ленин атындағы шахтада газ жарылысы болып, 5 адам қаза тапқан еді. Тағы 4 кенші ауруханаға түскен.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
6 қараша күні Қазақстан шахтасының ортасында орналасқан тоқ трансформатының жанында 24 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Аталған дерек полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Қортындысы бойынша нақты процессуалды шешім қабылданатын болады.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан – алып құрылыс алаңы
29.09.2026, 14:12
Елімізде 79 медициналық жоба іске асырылады
29.09.2026, 14:09
Өңір медицинасының мүмкіндігі артып келеді
29.09.2026, 13:59
Көкшетауда шетелдіктер де ем ала алатын аурухана салынып жатыр
29.09.2026, 13:57
Сырдария жағасындағы аурухана емделуге де,тынығуға да қолайлы болады
29.09.2026, 13:53
Қызылордада қатерлі ісікті жаңа аппаратпен емдейді
29.09.2026, 13:49
Радиациядан қорғану үшін бетон қабаты 1 метрге дейін қалыңдатылған
29.09.2026, 13:43
Қызылордада қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім азайған
29.09.2026, 13:41