Мұрат Әбенов: Негізгі өзгерістер Парламентті жаңадан қалыптастыруға мүмкіндік береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұрат Әбенов: Негізгі өзгерістер Парламентті жаңадан қалыптастыруға мүмкіндік береді

05.11.2022

Президент жария түрде қол қойған заңдарға қатысты мемлекеттік кеңесші мен депутаттар және қоғам белсенділері пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл тарихи күнді еліміздің жаңа дәуірге бет бұрысы деп айтуға болады. Әрі бұл, өзгерісті ұзақ жылдар бойы күткен қоғам талабының орындалуы.  

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

Алты заңның қабылдануы Президенттің өкілеттіктерін биліктің басқа институттарына қайта бөлуге, биліктің өкілді тармағын қайта форматтауға, сайлау жүйесін жетілдіруге, құқық қорғау институттарын нығайтуға ықпал етеді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы құқықтық түрде түпкілікті ресімделді.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Еліміздегі саяси реформалардың шын мәнінде іске асуына, демократияға жол ашатын, еліміздегі саяси бәсекелестіктің мүмкіндіктерін арттыратын, саяси партияларлы тіркеуге мүмкіндік беретін, сайлау туралы заңнаманы жетілдіретін көптеген өзгерістер өзінің күшіне еніп, көпшіліктің игілігіне жарайтындай күнге жетіп отырмыз.

Мұрат Әбенов, қоғам белсендісі:

Бүгін қол қойылған негізгі өзгерістер бізге Парламентті жаңадан қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Жаңадан қалыптастыру дегеніміз 30 пайыз депутат алдағы уақытта партиясыз тікелей сайланады. Халық сайлайды. Әрине ондай депутаттар тәуелсіз болады. Ондай депутаттар Үкіметке сұрақты қаталырақ қояды.

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Партияларды құру жеңілдейтін болады. Яғни бұрын партияны құру үшін 20 мың адамның қолы қажет болса, қазір 5 мың адам және оны тіркеу процедуралары да жеңілдейді. Міне осының бәрі еліміздегі Конституцияның ең негізгі принципі.

Досжан Маратұы


Хабарламаларға жазылу