Қазақстан мен Иран тауар айналымын 4 млн тоннаға дейін арттыру туралы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Иран тауар айналымын 4 млн тоннаға дейін арттыру туралы меморандумға қол қойды

03.11.2022

Қазақстан мен Иран тауар айналымын жылына 1 млн таннадан 4 млн тоннаға дейін арттыру туралы меморандумға қол қойды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, Қазақстан бидай мен арпаны, кондитерлік және ұн өнімдерін, ет, өсімдік майы мен басқа да өнімдерді экспорттауға дайын. Соның нәтижесінде, Иранмен агроөнеркәсіптік өнімдердің сауда көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізу көзделген. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сай, Иранға тамызға дейін 215 млн долларға арпа, бидай, көкөніс майын экспорттадық. Ал Ираннан көкөніс, жеміс-жидек, дәрі-дәрмек пен қара металл өнімдерін 134 млн долларға сатып алдық.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу