Ұлытау облысын дамытудың кешенді жоспары әзірленді
Ұлытау облысын дамытуға 1 трлн 400 млрд теңге инвестиция тартылмақ. Бүгін Үкімет отырысында аймақтың 2022-2026 жылдарға арналған, әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары мақұлданды. Құжат әртүрлі сала бойынша оншақты бағытты қамтиды. Мысалы 9 жаңа зауыт пен өнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 11 инвестициялық жоба іске қосылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 130 шақырым жылу желісі, су құбыры мен су бұру желілерін салу және жаңғырту жоспарланып отыр. 150 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек баспана, медицина, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мәселені шешу де басты назарда.
Берік Әбдіғали, Ұлытау облысының әкімі:
Бұл жоспарға енгізілген іс-шаралар пысықталды. Барлық орталық мемлекеттік органдармен келісілді. 5 жылдық кезеңге арналған инвестициялар көлемі 1,4 трлн теңге. Оның ішінде республикалық бюджеттен -124,8 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 49 млрд теңге, сондай-ақ, жеке инвестициялардан 1,2 трлн теңге.
Армангүл Тоқтамұрат
Автор
Армангүл Тоқтамұрат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13