Қазақстан мен Германияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысы нығаяды - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Германияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысы нығаяды - министр

31.10.2022

Қазақстан мен Германияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысы нығаяды. Қазақстанға сапарлай келген Германия делегациямен кездескен Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деді. Биыл қазақ-герман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Осы аралықта саяси диалог пен сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы тұрақтылық пен ынтымақтастық жоғары деңгейде дамыды. Тараптар екі жақты байланысты тереңдетудің мүмкіндіктерін талқылады. Ендігі кезекте ауқымды саяси және әлеуметтік реформалар аясында тәжірибе алмасу да көзделген. Бұдан бөлек, бірқатар келіссөздер жүргізді. 

Хабарламаларға жазылу