Чехияда демонстранттар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чехияда демонстранттар үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

29.10.2022

Чехия астанасы Прагада мыңдаған адам шеруге шығып, үкіметтен отставкаға кетуді талап етті. 

Сонымен қатар демонстранттар билікті мерзімінен бұрын сайлау өткізуге және қыс жақындап қалғандықтан газ жеткізу жөнінде Мәскеумен келіссөз жүргізуге шақырды. Олар «Ең алдымен – Чех Республикасы» деп ұрандатып, Еуропа одағы мен НАТО-ға қарсылық білдірді. Дегенмен, қалада Украинаны қолдаған манифестация да өтті.

Чехия үкіметі Еуропа одағының Ресейге қарсы санкцияларына қолдап, Украинадағы жағдайға байланысты Кремльге қатысты қатаң позиция ұстанып отыр. Және де ол жергілікті компанияларға қаржылай көмек көрсетіп, электр қуатының бағасын өсірмеуге бағытталған шаралар қабылдаған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу