Президент сайлауы: Қоғамдық қабылдауларға 3400-ден астам ұсыныс түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: Қоғамдық қабылдауларға 3400-ден астам ұсыныс түсті

29.10.2022

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдаулары сайлаушылардың ұсыныстары мен тілектерін жинауды жалғастыруда.

8 күн ішінде сайлаушылардан 3460 ұсыныс пен тілек келіп түсті. Жалпы, ел аумағындағы 227 қабылдау бөлмесінде сайлаушылармен кездесулер өтіп жатыр. Атап айтқанда, осы уақыт аралығында 689 кездесу ұйымдастырылып, 2 мыңнан аса адам қабылданды.

Әлия Садырбаева, Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы:

Азаматтар кандидаттан не қалайтынын, не күтетінін айтып, өз ұсыныстарымен келіп жатыр. Жаңа Қазақстанды құру ісіне қатысты көп адамның өзіндік ұсыныстары, Президенттікке кандидаттан не күтетіндері туралы пайым-пікірлері бар. Сондай-ақ, сайлауға қатысты кез келген мәселе бойынша кеңес алуға болатын Call-орталық жұмыс істейді.


Хабарламаларға жазылу