Астанада жас сайлаушылар клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жас сайлаушылар клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті

28.10.2022

Астанада жас сайлаушылар клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Жиында орталық сайлау комиссия төрғасы Нұрлан Әбдіров президенттің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізудің ерекшеліктерімен, сондай-ақ сайлау науқанының барысымен таныстырды.

Өз кезегінде клуб қатысушылары жастардың сайлау процесіндегі электоралдық мәдениеті мен белсенділігі біршама артқанын айтты. Оған өңірлерде өткен «Праймериз»  ішкі партиялық сайлауға жас азаматтардың белсене қатысуы себеп. Клуб мүшелері сайлау науқанына қатысты білімдерін одан әрі жетілдіруді жалғастыра береді.

Дәурен Рақымбек, жас сайлаушылар клубының мүшесі:

Бүгінгі шарада осындай оқытулар алдағы уақытта жүйелі өткенін қалаймыз. Өйткені сайлау кезінде ғана емес, бүгінгі күні сайлау мәдениеті Қазақстанда жақсы дамып келе жатыр. Келесі жылы биыл бізде президенттікке үміткерлердің сайлауы болса, келер жылы мәслихаттың және де мәжілістің сайлаулары болады.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу