Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Абай облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабы Абай облысына барды

27.10.2022

Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелерінің сайлаушылармен үгіт-насихат кездесулері басталды. Шара Абай облысынан бастау алды. Өңірдің ақсақалдарымен және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Абай облысының жұртшылығымен жүздесуде кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты.

Ерлан Қошанов, Республикалық қоғамдық штабтың басшысы:
Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр.

Бұдан соң Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты іс-шаралар жайлы айтылды. Сондай-ақ, штаб мүшелері «Семей Цемент» кәсіпорнына барып, еңбек ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы түсіндірді.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу