Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі

27.10.2022

Бүгіннен бастап ақшасын теңгемен жинаған адамдардың депозит мөлшерлемесі өседі. Демек қазан және қараша айындағы азаматтардың жинағы бойынша 3 және 6 айға ұсынылған мөлшерлеме 17,5 пайызға көтерілді. Депозиттерге кепілдік беру қоры бұл Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерген соң іске асқанын хабарлады. Жарты жыл немесе бір жылдық жинақ депозиті үшін мөлшерлеме 13-15 пайыз деңгейінде қалады. Бұған дейін депозитте ақшасын ұлттық валютамен жинаған адамдардың келер жылы 10% сыйақы алатыны туралы хабарладық. Елде 5 млн депозит иесінің сыйақы алуға мүмкіндігі бар екен. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу