Қарақат Әбден әжелермен бірге «Атамекен» әнін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақат Әбден әжелермен бірге «Атамекен» әнін айтты

26.10.2022

«Қайда жүрсем атамекен, Көкейіңде жатады екен». Рухты оятқан «Атамекен». Президенттікке кандидат Қарақат Әбден мереке күні елордадағы өнерлі ұжым - ақжаулықты аналармен бар қазақтың жүрегін баураған шығарманы орындады.

Қазір «Атамекен» әні халқымыздың тұмарына айналып кеткендей. Екі қазақтың бірі шырқай жөнелетін тамаша туындының сөзін аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі, сазын белгілі композитор Ескендір Хасанғалиев жазған. «Оны барша қазақ сүйіп тыңдайды. Осындай өшпес өнер тудырған екі алыптың рухына еріксізден бас иесіз»,-дейді Қарақат Әбден. Бірнеше ұрпақтың жадында сақталған «Атамекен» жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Сөзі мен сазы үйлескен шығарма тіпті шет мемлекеттерге де танылған. Еске сала кетейік, кандидаттың республикалық және өңірлердегі штабтары кестеге сай жұмыс істеп тұр. Үміткер осыған дейін елорда маңындағы елді мекендер мен Қарағанды қаласында болды. Алдағы күндері Павлодар мен Абай облыстарының жұртышылығымен кездесуді жоспарлап отыр.


Хабарламаларға жазылу