Ел газеті «Егемен Қазақстанға» - 95 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел газеті «Егемен Қазақстанға» - 95 жыл

20.12.2014
Ел газеті «Егемен Қазақстанға» - 95 жыл

Осылайша аптасына бес рет, екі жүз мың халықтың қолына тиетін «егемен» елдің тарихымен жасасып келеді. Газет қабырғасында қызмет ететін тілшілер таңның атысымен елді елеулі оқиғалардан құлағдар етеді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететіні туралы сүйінші хабарды алғаш жариялап, хабарлаған осы басылым.

Бас газетті құттықтауға келгендердің қарасы қалың. Биліктен басылымға келген құттықтау хаттар, марапаттар мен сыйлықтар. Жақсы тілек, жүрекжарды жырлардың барлығы - ата газетке арналып жатты. Елдің әр түкпірінен жиналған басылым ардагерлері, еңбегі газетке сіңген қызметкерлер. Бастысы, басылым тойы - ел тойы. Себебі Егемен - ел газеті. 

Әлия ӘШІМ 

Хабарламаларға жазылу