Тоқаевты қолдаушылар үгіт-насихатты бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаевты қолдаушылар үгіт-насихатты бастады

21.10.2022

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаушылар үгіт-насихатты бастады. Қазір үміткерді қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб жұмысы жанданып, жер-жерде плакаттар ілініп жатыр.

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі реупубликалық қоғамдық штабта қызу қарбалас. Сағат тілі 18:00-ді көрсеткенде үгіт-насихатты бастады. Оған 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымдардан тұратын халықтық коалицияның өкілдері тартылған.

Дәулет Кәрібек, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың өкілі:
Сайлау заңына сәйкес, біз 18:00-ден бастап еліміздің барлық аймағында 7 мыңнан астам штаб мүшелері, біздің сенімді өкілдеріміз, коалиция мүшелері, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, осы біздің плакаттарды заңмен бекітілген орындарға ілуді бастады.

Плакаттар ғана емес, үгіт-насихат материалдары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде де жариялана бастады. Әрі арнайы парақшалар ашылды. Онда штабтың іс-шаралары, сайлаушылармен кездесулер туралы барлық ақпарат және өзге де үгіт-насихат материалдары жарияланып тұрмақ. Ертең республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Ал келесі аптадан бастап Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу