«Егемен Қазақстан» газетіне - 95 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Егемен Қазақстан» газетіне - 95 жыл

19.12.2014
«Егемен Қазақстан» газетіне - 95 жыл

1919 жылы жарыққа шыққан «Ұшқыннан» бастап бүгінге дейінгі «Егемен Қазақстанға» дейінгі басылымды барлығы 35 редактор басқарған.

Бүгінде ол елімізде 201 мың данамен жарық көретін таралымы ең көп газет. Оқырмандардың 15 мыңнан астамы шетелдегі қандастарымыз.

Газеттің аты өзгергенімен, заты сол күйінде қалды. Талғамы жоғары оқырман үшін Астана мен Алматы қалаларында 2012 жылдан бері Егемен Қазақстан түрлі-түсті болып шыға бастады.

Ал, биыл бас басылымның жанынан интернет-редакция бөлімі құрылды. Халық газеттің электронды нұсқасын тәулік бойы оқи алады.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу