Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Иқани өмірі мен мұрасы» атты кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Иқани өмірі мен мұрасы» атты кітабы жарық көрді

19.12.2014
Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Иқани өмірі мен мұрасы» атты кітабы жарық көрді

Әлемнің «екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабиден бөлек тұлға 1286-1357 жылдар аралығында өмір сүрген.

Қазақ жерінен шыққан ғұлама әлем руханиятының тарихында ғылыми құндылығы өте жоғары ислам мен тарихқа қатысты сүбелі еңбектер қалдырған.

Шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі Нидерланд, Мысыр, АҚШ, Түркия елдеріндегі ғылыми сапарларда ескі қолжазбалар мен кітапханалардан осы тарих ғалымының есімін көптеп жолықтырады.

Нәтижесінде, қолжазбалардың басын біріктіріп, тәржімалап, кітап етіп басып шығарды.

Араб тілі мен Ислам дінінің шариғатын шебер меңгерген білімпаз Түркістан тұсындағы ескі Иқан қаласында дүниеге келіп, ғылым жолын Бағдад, Каир қалаларында жалғаған. 25 жыл Бағдад қаласында қазылық қызметте болған.

 

Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу