Еуропалық Одақ Иранға қарсы санкция салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық Одақ Иранға қарсы санкция салды

21.10.2022

Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания Иранның Ресейге камикадзе - дрондарын беруіне қарсылық ретінде санкциялар легін жариялады. Қара тізімге «Шахед Авиэйшн Индастриес» компаниясы мен Ислам Республикасының үш генералы ілікті.

Санкциялар бейсенбіден бастап күшіне енген. Ресми Тегеран камикадзе - дрондардың Украинаға қарсы қолданылғанын жоққа шығарды. АҚШ Мемлекеттік департаментінің дерегінше, Иран инструкторлары Қырымға барып, Ресей армиясына дрондарды басқаруды үйретіп жатыр. Бұл мәліметке қатысты Тегеран да, Мәскеу де әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу