Құлжа қаласында ақын Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлжа қаласында ақын Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

19.12.2014
Құлжа қаласында ақын Марфуға Айтқожинаның шығармашылық кеші өтті

Жиналған жұрт Марфуға Айтқожинаның әр сөзін мұқият тыңдап, жылы лебіздерін, бата-тілектерін жаудырды.

Ақиық ақынды қолдауға қазақстандық әнші-композиторлар, өнер майталмандары да ілесе келді. Олар жергілікті ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен әннен шашу шашты.

Ал, кеш иесі туған жерге, халқына деген сағынышын сазды өлеңдерімен жеткізді.

Үш сағатқа созылған салтанатты кештің соңында жерлестері ұзақ қол соғып, Марфуға ақынды сахнадан қимай шығарып салды. 

 

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу