Осыған орай, елордадағы Ұлттық өнер академиясының симфониялық залында арнайы концерт өтіп жатыр.
«Тәуелсіздік тұғыры» деп аталатын шарада аты аңызға айналған композиторлармен қатар, жас таланттардың туындылары ойналуда.
Кеш шымылдығы одақты құруға атсалысқан жандардың бірі Еркеғали Рахмадиевтің туындысымен ашылды.